Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті
Қызылорда қаласындағы ауруханада балконнан құлаған әйел қайтыс болды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 6 тамызда болған.
Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша басқа деректер жарияланбайды, - деп жазылған хабарламада.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.