×

«Қолын алмады, жауап бермеді». Жамбыл облысының әкімі сынға қалды (видео)

Әкімдіктің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлы өңір басшысы журналистердің сұрағынан қашпағанын айтып отыр

 Айнұр Шошаева 05.05.2022 | 14:15
коллаж: Halyq Uni

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің амандасқан Тараз тұрғынының қолын алмай қойған видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

«Нұржан Нұржігітов жергілікті тұрғындармен қол алысуды ұят деп санайды және журналистің мереке туралы сұрақтарына жауап беруді қажет деп санамайды. Әкім азаматтарды назардан тыс қалдырғанды жөн көреді», – деп жазды Ербол Еділов Telegram каналында. 

Ал Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.  

Әлеуметтік желіде облыс әкімі «Нұржан Нұржігітов өзіне қол созған тұрғынға амандаспады. Қолын қайтарды» деген сыңайда мәлімет тарап жатыр. Бұл дерек шындыққа жанаспайды. Басқа ракустан түсірілген видеоны назарларыңызға ұсынамыз. Жағдайдың анық-қанығына көз жеткізбей жатып, біржақты мағлұмат таратпауға шақырамыз, - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Бұған қоса әкімдіктің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлы өңір басшысы журналистердің сұрағынан қашпағанын айтып отыр.

«Әкім бұл жерде журналиске сұхбат бермеймін деген жоқ. Мерекеге жиналғандарды құттықтау үшін сахнаға бара жатты. Көпшілікті күттіріп қойған тағы ыңғайсыз. Түсіністік танытуларыңызды сұраймын», - деп толықтырды ол сөзін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама