Соңғы бір айда полицияға күйеуінен таяқ жеген 10 мың әйел жүгінген
Биыл 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаза қатаңдады
Қазақстандық әйелдер полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жиі шағымдана бастаған. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.
Соңғы айда 10 мың әйел полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы арызбен жүгінген. Үйде жанжал шығарғандардың көпшілігі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, кейбіреулері сауықтыру пунктіне жабылған.
Еске сала кетсек, биыл 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаза қатаңдаған. Енді тәртіп сақшылары жәбірленушілердің шағымынсыз іс қозғай алады. Куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ бейнекамера жазбалары жеткілікті.
Шілде айында тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 10 мыңнан астам хабарлама келіп түсті. Сонымен қатар, жанжал шығарғандардың 92 пайызы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алғаш рет құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі адам ескерту немесе 5-10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Тәртіп бұзған жағдайда 25 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылады, - деді ІІМ ТЖК департаментінің бастығы Руслан Қаржаспеков.
Дегенмен кодекстегі өзгерістер мен полицияның жұмысы жақсы нәтиже беріп келеді. Соңғы кезде тұрмыстық кісі өлтіру саны 1,5 пайыз азайған.