Павлодарда бес жасар баланы ит талады
Бала анасымен бірге болған
Павлодарда бес жасар баланы такса иті тістеп алды.
Оқиға 2 мамырда Павлодар қаласының Сейфуллин көшесінде болған. Бес жасар бала анасымен бірге аулаға шығып, серуендеген. Жақын жерде басқа балалар өздерінің такса тұқымды итімен ойнап жүрген. Сол кезде бала итке жақындағанда, ит оны тістеп алған. Баланың анасы дереу жедел жәрдем шақырып, бұл факті туралы дереу полицияға хабарлаған.
Осы факт бойынша оқиғаға әкеп соққан үй жануарларын қарғыбаусыз және ересектердің қарауынсыз серуендетуге жол берген ит иесі ӘҚБК 407-2-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. 10 АЕК айыппұл салынды, – деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Жыл басынан бері Павлодар облысында иттерді серуендету ережелерін бұзғаны үшін 32 ит иесі әкімшілік жауапқа тартылған.
Өскемендегі 7 жасар қыздың өлімінен соң қараусыз жүрген 85 ит атылды. Павлодарда сегіз жастағы баланы ит талап тастады.