«АрселорМиттал Теміртауға» қарасты шахтада кеншінің кеуде сүйегі сынған
Шахтада жар бөлігі құлап, кенші астына қалған
Қарағандыдағы «Шахтинская» шахтасында кенші тау шөгіндісінің астында қалды. Ол якорьді бұрғылап жатқанда тау опырылып, үстінен басып қалған.
Шахта «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, кен ұңғымасында төбедегі жар бөлігі құлап, ол өтіп бара жатқан кеншіні жарақаттаған.
Упр-1 учаскесінің ауысым қызметкерлері үңгілеушіге алғашқы көмек көрсетіп, содан кейін оны шахтаның жоғары жағына шығарған. Сосын РПГ бригадасы Қарағанды қаласындағы Мақажанова атындағы клиникаға жеткізген, - дедінген компания ақпаратында.
Зардап шеккен ер адамның кеуде сүйегі сынған.