Қазір 9 күдікті уақытша қамау изоляторында жатыр
Алматы облысындағы Бәйдібек би ауылында мектеп оқушылары арасында төбелес болып, соңы өліммен аяқталды. 17 жастағы баланы атып кеткен күдіктілер ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, төбелес 5 тамызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек Би ауылында түнде болған. Сол кезде мылтықтан оқ атылып, бір үйдің ауласынан 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Денесінде оқ жарақаты болған.
Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазір 9 күдікті уақытша қамау изоляторында жатыр, - деді полицейлер.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша жауапқа тартылғандар бар.