Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды
Ақтөбелік полицейлер тәулік ішінде шіркеуде болған қайырымдылық қорапшасының ұрлығына қатысты қылмысты ашты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 тамызда сағат 15:00 шамасында Мәметова көшесіндегі Әулие Николай соборының шіркеуінде белгісіз адамдар үй-жайға кіріп, қайырымдылық қорабын сындырып, 20 мың теңгеге жуық ақша ұрлап кеткен. Полицейлер дереу оқиға орнына барып, аумақты тексерді және куәгерлерден жауап алды.
Тәртіп сақшылары шіркеуде орнатылған бейнекамералардың көмегімен тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтап, Мұғалжар ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады.
ҚР ҚК 188- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.