Павлодар облысында браконьерлерден 300 келіге жуық балық тәркіленді

Халық үні

Заң бұзушылар осынша балықты заңсыз тасымалдаған

фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында 280 келі балықты заңсыз тасымалдағандар ұсталды.

«Нерест» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында сағат 22.00 шамасында Павлодар облысы Ленин кентінің маңында тәртіп сақшылары ВАЗ-21043 автокөлігін тоқтатты. Көлік жүксалғышынан жалпы салмағы 280 келі болатын 11 қап балық табылды. Жүргізуші мен жолаушыда жүкке рұқсат құжаттары болмаған, – деді Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.

Сонымен қатар Май ауданы Жұмыскер елді мекенінің жанындағы Қарасор көлін жалға алушы сақшыларға арызданған. Ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне белгісіз адамдар осы көлде заңсыз балық аулағанын айтқан. Осылайша, жалпы сомасы 428 550 теңгеге материалдық залал келген.

«Аталған факт бойынша тексеру жүріп жатыр. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Балық тәркіленді», – деді полиция.

Каспий теңізінде 100-ден астам браконьер құрықталды.