Halyq Uni логотип
×

Қонаев қаласында лагерь директоры жұмысқа мас болып барған

4 балаға арналған бөлмеде 8 немесе одан да көп адам тұрған

 Халық үні 04.08.2023 | 16:32
Қонаев қаласында лагерь директоры жұмысқа мас болып барған
Фото: ашық дереккөз

Прокуратура Алматы облысындағы балалар лагерінен заң бұзушылықтарды анықтады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырған.

Әрбір екінші балалар мекемесінің ойын және спорт алаңдарында қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды. Ескі жатын-орындары күрделі жөндеуді қажет етеді. 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 немесе одан да көп адам орналастырылған, - деп хабарлады Бас прокуратура.

«Бәйтерек» (Қонаев қаласы) лагерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына қайшы, балалардың демалысы мен білім алуы дұрыс ұйымдастырылмаған. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.

Оның үстіне, бұл лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде барған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру қорытындылары бойынша балалар лагерлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама