Эфир өшірілмей қалып, сұрақтар толассыз қойылып жатты
Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов тұрғындарға соңғы жарты жылда атқарылған жұмыстар туралы айту үшін әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирге шықты. Эфир соңында ол тұрғындардың сұрақтарына дөрекі жауап берген.
Алайда тікелей эфир жоспардағыдай болмай, дыбысқа қатысты мәселелер туындаған. Сөйтіп, әкім есебін тоқтатуға тура келеді. Техникалық жағы түзетілгеннен кейін ол эфирге қайта шығады.
Екінші дубльде Олжас Нұрмағамбетов тұрғындардан кешірім сұрап алып, баяндамасын жалғастыра бастайды. Содан кейін көпшілікті көкейде жүрген сауалдарын қоюға шақырады. Сұрақтар қарша борағанмен, әкім оларға жауап бермей, «стоп-камераны» қосып қойған. Бірақ тікелей эфир өшірілмей қалып, сұрақтар толассыз қойылып жатты. Ал шенеунік эфир аяқталды деп шешсе керек, әрі қарай дөрекі сөйлей бастаған.
Сұрақтарын бір жерлеріне тығып қойсын! – деп кейістік танытқан Олжас Нұрмағамбетов.
Кейін кеңседен шығып үлгерген ол камераның әлі қосылып тұрғанын түсініп, эфирді өшіре қойған. Бірақ бәрі кеш еді...
Нақты қай жерге екенін жазбаймыз, бірақ суретін сала аламыз. Мұның барлығы Щучье қаласының әкіміне сауалдарын жазған ондаған қала тұрғындарына тікелей эфирде айтылды» деп жазылды Instagram-дағы tirazh.kz парақшасына.
Әлеуметтік желідегі жұрт әкімнің дөрекілігіне шүйлігіп, сынның астына алып жатыр. Қазір оған қатысты қызметтік тергеу басталған.