Павлодар тұрғыны әйелін 28 жерден пышақтап өлтірген

Халық үні

Әйел сол жерде тіл тартпай кеткен

фото: ашық дереккөзден

Павлодарда әйелін пышақтап өлтірген қылмыскер 15 жылға сотталды. Ол жанжал кезінде жұбайын 28 жерден пышақтаған. Бұл туралы «Астана» теларнасының сюжетінде айтылды. 

Телеарна хабарлауынша, әйел сол жерде тіл тартпай кеткен. Жанжалға ерлі-зайыптылардың ажырасуы себеп болған көрінеді.

«Жеңілдететін мән-жайларды кінәлінің асырауында кәмелетке толмаған баласының болуын кінәсін ішінара мойындауын ескере отырып, сот оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын  қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді тағайындады. Жәбірленушілердің талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.