Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында шыққан өрт 300 гектарға жайылды

Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

 Халық үні 04.08.2023 | 09:39
Жамбыл облысында шыққан өрт 300 гектарға жайылды
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, өрт 300 гектар жерге жайылған.

Өрт Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 шақырым жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Аспара-Меркі орман шаруашылығы) аумағында таулы аумақта шыққан.

Мамандар орманға жету қиын екенін, қатты жел өрт сөндіру барысында қиындық тудырып жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін Абай облысы орман өртеніп, салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері мен бір тракторшы қаза тапты. 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама