Абай облысында балалар тұратын орталық басшылығы жауапқа тартылды
Орталықта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленіп жатыр
Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылған. Бұл туралы облыстың прокуратурасы хабарлады.
Бородулиха ауданының прокуратурасы Бала орталығында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің құқығының қорғалуына талдау жүргізді.
Нәтижесінде Бала орталығы тарапынан алимент төлемдерін өндіру бойынша шараларды қабылдамау фактілері анықталды. Барлығы 30 млн теңгені құрайтын алимент төлемеудің 14 фактісі анықталып, 5 факті бойынша прокуратураның бастамасымен қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген ресми ақпаратта.
Қазірге дейін 2 борышкер сотталды. Сондай-ақ 1 млн теңгеден астам алименттік берешек өтелді.
Қадағалау актісі негізінде Бала орталығының басшылығы жауапкершілікке тартылды.