Өрт кезінде қаза тапқан тұрғынның отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі
Алматыда 1 тамызда өрт кезінде зардап шеккен «Ақкент» тұрғын үй кешені тұрғындары өрттің салдарын жою үшін қажетті көмек алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала басшылығы «Ayt housing Complex» ЖШС-мен келіссөз жүргізді, қорытындысы бойынша бірнеше шешім қабылданды:
Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерге міндетті медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетеді.
Сондай-ақ тұрғын үй кешенін салған «Ayt housing Complex» ЖШС өрт кезінде қаза тапқан тұрғынның отбасына екі бөлмелі пәтер беретін болды.