Қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды
Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адамдарды қағып кетті.
Оқиға 2 тамызда сағат 21:30 шамасында болған. Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-21140 автокөлігінің 17 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен кәмелетке толмаған екі баланы қағып кетті.
Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.