Қарағанды ауруханасына түскен балалардың тамақтан уланғаны расталмады

Халық үні

Ауруханада жатқан балалардың қазіргі жағдайы хабарланды

фото: ДСМ баспасөз қызметі

31 шілдеде Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 13 бала уланып қалды. Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды.

Бүгін нейробокстау бөлімшесіне түскен тағы екі бала ауруханадан шығарылды. Олар ауруханаға 31 шілдеде жеткізілген болатын. 2 тамызда облыстық клиникалық жұқпалы аурулар орталығы бөлімшесінде емделген екі баланың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылған еді.

Қазір ауруханада уланған 9 бала ем алып жатыр: жансақтау бөлімінде – 6, нейробоксирлау бөлімшесінде – 3. Әзірге олардың жағдайы бірқалыпты.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы талдау жүргізіп, ауруханаға түскен балалардың тамақтан уланғанын растамады. Улану себебін анықтау мақсатында әлі де кеңейтілген зерттеу жүргізеді.