×

Петропавлда асылып өлген колледж студентіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

19 жастағы марқұмның артында ұлы қалды

 Самат Жақып 04.05.2022 | 18:03
фото: колледж жатақханасы

Петропавлда өзіне қол жұмсап өлген колледж студенттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бүгін таңертең Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі аумағынан бірніші курс студентінің денесі табылды. Марқұмның Мағжан Жұмабаев ауданының тумасы екені белгілі болды. Жақында баласы дүниеге келген. Бірақ шаңырақ құрмаған екен. Ал былтыр студенттің әкесі қайтыс болған.

Әзірге студенттің не үшін өзіне қол жұмсағаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт колледж ғимаратына қарсы аллеядағы ағаштардың біріне асылып қалған.

«4 мамырда Назарбаев көшесі 262 мекен-жайындағы колледж аумағынан 19 жастағы студенттің мүрдесі табылды. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері шықты. Өзіне-өзі қол жұмсау, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің инспекторы Нұрбек Баекин.

Студенттің қайтыс болғанын колледж әкімшілігі растап отыр. Олардың айтуынша, марқұм құрылысшы мамандағы бойынша бірінші курста оқыған. Ол өткен түні алкаголдік ішімдік ішіп, жатақханаға кірмекші болған. Бірақ оны студенттер үйіне кіргізбей қойған. Ал таңертең жатақхана маңынан оның мүрдесі табылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама