×

«Sincere Systems» қаржы пирамидасы басшылығына сот үкімі шықты

Азаматтардан 215 млн теңге жиналған

 Халық үні 03.08.2023 | 10:25
Фото: Halyq Uni

Астанада қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша «Sincere Systems» ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

ЖШС 2020 жылдан бері жұмыс істеген және криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, азаматтардан қаражат жинаған.

Салымшылардың санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылған.

Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды, – делінген ресми ақпаратта.

Азаматтардан жиналған қаражат көлемі 215 млн теңгені құрады. 

Сот үкімімен «Sincere Systems» ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Sincere Systems» (S-Group) қаржы пирамидасын құру және басқару ісін тергеп жатқаны белгілі болды. Іс бойынша азаматтарды компанияға тіркелуге шақырған екі азаматқа қатысты тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама