Қарағандыдағы жаппай улану: алты бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Бүгін тағы екі бала ауруханадан шығарылады деп жоспарланып отыр
1 тамызда Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 13 баланың уланғаны хабарланды. Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды.
Уланған алты бала жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы жеті бала облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, уланғандардың арасында жетім балалар да бар.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы ауруханада жатқан балалардың қазіргі жағдайын хабарлады. Басқарманың мәліметінше, стационарда ем алып жатқан балалардың жағдайы тұрақты.
2 тамызда облыстық клиникалық жұқпалы аурулар орталығы бөлімшесінде емделген екі баланың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылған. Бүгін тағы екі бала ауруханадан шығарылады деп жоспарланып отыр
Еске салайық, қазір уланған алты бала жансақтау бөлімінде, тағы үш бала аурухана бөлімшесінде жатыр.