×

Қызылордада бұзақылар жас полицейді бірнеше рет пышақтаған

Ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растады

 Еркеғали Болатұлы 02.08.2023 | 17:26
фото: ашық дереккөз

Қызылордада белгісіз адамдар жас полицейді пышақтап кеткен. Оның жарақат алғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.

Куәгерлердің айтуынша, облыс орталығындағы Титов шағын ауданында бұзақылар тобы полиция қызметкеріне бірнеше рет пышақ сұққан. Бұл ақпаратты Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі растады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 380-1-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы («Бір топ адамның алдын ала сөз байласуы арқылы құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу») бойынша қылмыстық іс қозғалды және объективті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, істің өзге мәліметтері жарияланбайды.

Ресми мәлімет бойынша, зардап шеккен полицей қазір үйінде, денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама