Өңірде жыл басынан бері дәл осындай 25 дерек тіркелген
Ақмола облысында екі бірдей су айдыны балық шаруашылығына жарамсыз болып шықты.
Облыс орталығының іргесінде орналасқан ол тоғандарға жылдар бойы шаруашылық және өндірістік қалдықтар жиналып келген. Соған қарамастан су қоймаларына заңсыз ау салу тыйылмай тұр. Браконьерлер адам ағзасына қаупі бар балықтарды сауда орындарына шығарып, пайда тапқан.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент мамандарының мәліметінше, жыл басынан бері дәл осындай 25 дерек тіркелген. Заңсыз балық аулағандардың барлығына әкімшілік айыппұл салынды.
Судың да, балықтың да микробиологиялық құрамы бойынша сәйкессіздік анықталды. Судың құрамында аммиак, нитраттар бар. Олар балықпен қатар адамның ағзасына да кері әсер етеді.
Бұдан бөлек, лактоза бактериялары анықталып отыр. Олар да ағзаға түскенде адамның улануы әбден мүмкін», - дейді Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қанат Ысқақов.