Halyq Uni логотип
×

Шошқа кешеніндегі төрт адамның өлімі: Еңбек министрлігі арнайы комиссия құрды

Олардың мәйіті шошқа кешеніндегі кәріз құдығынан табылды

 Халық үні 02.08.2023 | 14:30
Шошқа кешеніндегі төрт адамның өлімі: Еңбек министрлігі арнайы комиссия құрды
фото: pkzsk.info

Солтүстік Қазақстан облысында кәріз тазаламақ болған шошқа кешенінің төрт жұмысшысы қаза тапты. Қайғылы жағдай Тайынша ауданында орналасқан EMC AGRO компаниясында болған.

Осы жағдайға байланысты Еңбек министрлігі СҚО мемлекеттік еңбек инспекторының басшылығымен арнайы комиссия құрды.

Қайғылы оқиға 1 тамызда болған. EMC AGRO басшылығы жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін төрт қызметкердің шошқа кешені аумағынан шықпағанын анықтаған. Кейін шошқа кешені өндірісінің қалдықтарын жинауға және айдауға арналған кәріз құдығынан 4 қызметкердің мәйіті табылды.

Кейін полиция кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланып қайтыс болған азаматтар туралы хабарлады: олар 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары дүниеге келген.

Олардың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бұл факті қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі «еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама