Halyq Uni логотип
×

Қарағандыдағы жаппай улану: екі бала ауруханадан шығарылды

Олар жергілікті дәрігерлердің бақылауында болады

 Халық үні 02.08.2023 | 10:42
Қарағандыдағы жаппай улану: екі бала ауруханадан шығарылды
фото: ДСМ баспасөз қызметі

Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 10-нан астам бала уланды. Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды. Уланған алты бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы жеті бала облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, уланғандардың арасында жетім балалар да бар.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы ауруханада жатқан балалардың қазіргі жағдайын хабарлады. Басқарманың мәліметінше, стационарда ем алып жатқан балалардың жағдайы тұрақты.

01 тамызда ауруханаға түскен екі баланың бірінің жағдайы орташа ауыр, екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Қазір екеуі де бөлімшеде.

Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар орталығы бөлімшесінде емделген екі баланың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылған. Олар жергілікті дәрігерлердің бақылауында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама