Halyq Uni логотип
×

Түркиядағы жол апаты: алты қазақстандық емханадан шығарылды

Жол апатынан бір адам қайтыс болды

 Халық үні 01.08.2023 | 18:16
Түркиядағы жол апаты: алты қазақстандық емханадан шығарылды
фото: ntv.com.tr

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания қаласында болған жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы ақпарат таратты.

Жол апатынан кейін ем алып жатқан 11 қазақстандықтың алтауы емханадан шығарылды.

Олар бүгін түнде Қазақстанға оралады. Қазақстанның 5 азаматы дәрігерлердің бақылауында қалып, қажетті ем алуын жалғастырып жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық емдеу шығыны сақтандыру полистері арқылы төленеді, - делінген СІМ таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін жол апатынан зардап шеккен бір қазақстандық қайтыс болды. Қазақстандық дипломаттар қайтыс болған азаматтың жақын туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама