Уланған балалардың бірі қайтыс болды
Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 12 бала уланды. Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды. Уланған алты бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы жеті бала облыстық клиникалық ауруханада жатыр (тағы 2 бала). Олардың арасында жетім балалар да бар.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылғанын айтты. Улану себебі анықталып жатыр.
Балаларға медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін 84 мекеменің барлығында Бас прокуратура кешенді тексеріс жүргізетін болады. Оның 20-сында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады, - деп жазды омбудсмен.
Динара Зәкиева күзге жомпарларған өңірлерге сапарында барлық балалар мекемелерін тексеруді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Бұл салада қазір мемлекеттік органдармен бірге балалаларға арналған мекемелердегі камераларды тікелей ЦОУ мен жауапты органдарға қосу бойынша жұмыс атқарылып отыр.
Сонымен катар, жұмыс жүргізу керек тағы біраз мәселе бар, солардың ішінде: