Астанада абаттандыру ережелерін бұзған құрылыс компанияларына айыппұл салынды (ВИДЕО)
Айыппұлдардың жалпы сомасы 19 млн теңгеден асады
Астана қаласында абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін құрылыс компанияларына айыппұл салынды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, жыл басынан бері 1 721 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 134 құрылыс компаниясы мен 89 қызмет көрсететін ұйым бар. Айыппұлдардың жалпы сомасы 19 млн теңгеден асады.
Бұдан басқа, рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастап кеткен адамдар да анықталды. Жыл басынан бері 240 көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 6 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ 33 жүргізуші топырақ, қоқыс, сусымалы құрылыс және басқа да материалдарды тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды, – деп мәлімдеді ПД.
Рейд кезінде тәртіп сақшылары қала аумағына құрылыс қоқыстарын тастаған КамАЗ-дың 39 жастағы жүргізушісін анықтады. Оған 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Астанада жүк көліктеріне арналған коммуналдық тұрақ ашылды. Бүгінде онда әртүрлі құқықбұзушылықтары бар 12 жүк көлігі қойылған.