Halyq Uni логотип
×

Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбай бостандыққа шықты

Ол алауыздық тудырды деген айыппен 3 жылға сотталған болатын

 Еркеғали Болатұлы 31.07.2023 | 16:48
Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбай бостандыққа шықты
фото: youtube.com

Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбай бостандыққа шықты. Бұл туралы адвокат Жанар Балғабаева өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

31.07.2023. Таң. Жақсы жаңалықтар көп болсын. Ермек Нарымбайды қарсы алдық, - деп жазды ол.

Айта кетейік, 13 шілдеде сот Ермек Нарымбайды мерзімінен бұрын босатып, 11 айға жуық пробациялық бақылауда ұстауға шешім шығарған болатын.

Негізінде 2015 жылы Қазақстан соты азаматтық белсенділер Ермек Нарымбай мен Серікжан Мәмбеталинді Мұрат Телібековтің «Ветер с улицы» кітабының үзіндісін әлеуметтік желіге жариялағаны үшін соттаған еді.

Алауыздық тудырды деген айыппен Ермек Нарымбай 3 жылға, ал Серікжан Мәмбеталин 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл ретте Ермек Нарымбайдың 2022 жылдың ақпанында Қазақстанға оралып, әуежайда тұтқындалып, қамауға алынғанын айта кеткен жөн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама