×

Петропавлда колледж студенті асылып өлді

Қайғылы оқиға бүгін таңертең колледж жатақханасының маңында болған

 Самат Жақып 04.05.2022 | 13:53
фото: колледж жатақханасы

Солтүстік Қазақстан облысында колледж студенті өзіне қол жұмсап өлді. Қайғылы оқиға бүгін таңертең Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жатақханасының маңында болған.

Студенттің қайтыс болғанын колледж әкімшілігі растап отыр. Олардың айтуынша, марқұм құрылысшы мамандағы бойынша бірінші курста оқыған. Ол өткен түні алкаголдік ішімдік ішіп, жатақханаға кірмекші болған. Бірақ оны студенттер үйіне кіргізбей қойған. Ал таңертең жатақхана маңынан оның мүрдесі табылған.

Әзірге құзырлы орган өкілдері аталған факті бойынша ресми ақпарат таратқан жоқ. Halyq Uni тілшісі тиісті органдардың жауабын бақылауында ұстайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама