БҚО-да 21 адам бруцеллез жұқтырған
15 жағдай зертханалық зерттеу кезінде расталды
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысында 6 әкімшілік аумақта бруцеллездің 21 жағдайы тіркелген.
15 жағдай зертханалық зерттеу кезінде расталды. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арысбаев мәлім етті.
Барлық жағдайда инфекцияның малдан жұққаны белгілі болды. Ауру малды төлдету және ауру малды күту кезінде жұққан, - дейді облыстың бас санитариялық дәрігері.