Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Үш бала әртүрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 30.07.2023 | 15:04
Жетісу облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында жол апатының салдарынан төрт адам ажал құшты, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға  Алматы – Өскемен автожолының 453-шақырымында болған. Hyundai Veracruz көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, алдындағы көлікті басып озбақ болып, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Артынша инерция бойынша Volkswagen Passat көлігімен соқтығысып қалған.

Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды. Аталған көліктен тағы үш бала әртүрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды, –  делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама