Астанада «полицей» шетелдікті бопсалаған (ВИДЕО)
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Астанада полицей атын жамылған алаяқ Өзбекстан Республикасының азаматынан ақша бопсалаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адам шетелдік азаматтан белгісіз әйелді жәбірлегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпаймын деп 200 мың теңге талап еткені анықталған. Полиция атын жамылған алаяқ талап еткен ақшасын алып жатқан жерде ұсталды.
ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.