Атырауда ШҚО мен Жамбыл облысының тұрғындары есірткі сатпақ болған

Динара Амантай

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: polisia.kz

Атырауда есірткі сатып, пайда таппақ болған ШҚО мен Жамбыл облысының тұрғындары ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше,  синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 1981 жылы туған тұрғыны анықталған. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткінің салмағы 64,2 грамм Альфа-PVP екені белгілі болды. ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысып жүрген 1987 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Алынған зат салмағы 70 грамм Альфа-PVP және 128,31 грамм мефедрон синтетикалық есірткі екені анықталды. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Күдіктілердің қаланың ықшам аудандарында тұтынушыларға арнап жасырып қойған бірнеше синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.