Қазақстанда ресми түрде жаңадан үш облыс құрылды: Абай облысы, Жетісу облысы және Ұлытау облысы
ҚР президенті Қазсқстанда жаңадан үш облыс құру туралы жарлыққа қол қойды.
Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілді.
Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы;
Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы;
Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы ШҚО Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілді.
Шығыс Қазақстан облысының құрамында екі аудан құрылды:
Еске салайық, бұрынғы Семей аймағында Абай облысын құрылады. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады.
ШҚО облысының аумағы 97,8 мың шаршы метр болады: құрамында 9 аудан және 2 қала (Өскемен, Риддер) қалса, Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды: құрамына 8 аудан және 2 қала (Семей және Курчатов) кіреді.
Атап айтқанда, ШҚО аумағында Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары болады.
Абай облысында: Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары.