×

Шығыс Қазақстан облысында жаңа аудандар құрылды

Қазақстанда ресми түрде жаңадан үш облыс құрылды: Абай облысы, Жетісу облысы және Ұлытау облысы

 Қымбат Елтайқызы 04.05.2022 | 11:14
Семей қаласы, фото: ашық дереккөзден

ҚР президенті Қазсқстанда жаңадан үш облыс құру туралы жарлыққа қол қойды.

Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілді.

Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы;

Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы;

Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы ШҚО Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілді.

Шығыс Қазақстан облысының құрамында екі аудан құрылды:

  • Тарбағатай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында орналасатын Ақсуат ауданы;
  • Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылды.

Еске салайық, бұрынғы Семей аймағында Абай облысын құрылады. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады.

ШҚО облысының аумағы 97,8 мың шаршы метр болады: құрамында 9 аудан және 2 қала (Өскемен, Риддер) қалса, Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды: құрамына 8 аудан және 2 қала (Семей және Курчатов) кіреді.

Атап айтқанда, ШҚО аумағында Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары болады.

Абай облысында: Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23