8 адам Шайқорық станциясында екі Газельмен вагондарға түсіп жатқанда ұсталды
Жамбыл облысында 80 миллион теңгелік аммофос ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Наурыз-шілде аралығында белгісіз адамдар Шайқорық теміржол станциясындағы жылжымалы вагондардан алыс-жақын шетелдерге және Қазақстанның басқа өңірлеріне экспортталатын «Қазфосфат» ЖШС өндірген аммофос тыңайтқышын бірнеше рет ұрлаған. Келтірілген залал 80 миллион теңгеден асады.
ҚР ҚК-ның 188-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Тараз станциясындағы ЖПБ қызметкерлері «Қазфосфат» ЖШС-нің қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, шілденің 22-нен 23іне қараған түні Шайқорық станциясында екі Газельмен вагондарға ұрлыққа түсіп жатқан облыстың 8 тұрғынынан тұратын қылмыстық топты ұстады, - делінген хабарламада.
Олардан 5 тонна 700 келі аммофос және шаруашылық заттары тәркіленген.
Ұсталғандар кінәсін мойындады. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.