×

Атышулы «Қазфосфаттан» қылмыстық топ 80 млн теңгенің өнімін ұрлаған

8 адам Шайқорық станциясында екі Газельмен вагондарға түсіп жатқанда ұсталды

 Еркеғали Болатұлы 29.07.2023 | 17:46
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында 80 миллион теңгелік аммофос ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Наурыз-шілде аралығында белгісіз адамдар Шайқорық теміржол станциясындағы жылжымалы вагондардан алыс-жақын шетелдерге және Қазақстанның басқа өңірлеріне экспортталатын «Қазфосфат» ЖШС өндірген аммофос тыңайтқышын бірнеше рет ұрлаған. Келтірілген залал 80 миллион теңгеден асады.

ҚР ҚК-ның 188-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Тараз станциясындағы ЖПБ қызметкерлері «Қазфосфат» ЖШС-нің қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, шілденің 22-нен 23іне қараған түні Шайқорық станциясында екі Газельмен вагондарға ұрлыққа түсіп жатқан облыстың 8 тұрғынынан тұратын қылмыстық топты ұстады, - делінген хабарламада.

Олардан 5 тонна 700 келі аммофос және шаруашылық заттары тәркіленген.

Ұсталғандар кінәсін мойындады. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама