Оларды аңдып, тіпті, көлікпен қақпақшы болды, - дейді тұрғындар
Желіде «ұлымды ұрдыңдар» деп екі баланы балағаттап жатқан ер адамның видеосы тарады. Онда ашуға булыққан азамат бүлдіршіндерді велосипедті сындырдыңдар деп те айыптаған.
Осыдан кейін оларды аңдып, тіпті, көлікпен қақпақшы болды, – дейді тұрғындар.
Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі оқиғаның мән-жайын анықтады. Қазір 36 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Қоғамдық орында кәмелетке толмаған баланы қорлағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды, - деп мәлімдеді Нұра аудандық ПБ баспасөз қызметі.