Halyq Uni логотип
×

Ауылдарды ауызсумен қамтудың ең төменгі көрсеткіші Қостанайда тіркелген

Үкіметте ауызсу проблемасы көтерілді

 Ербол Тұрымбет 04.05.2022 | 10:30
Ауылдарды ауызсумен қамтудың ең төменгі көрсеткіші Қостанайда тіркелген
фото: ашық дереккөзден

Ауылдық елді-мекендерде ауызсумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай (74,9%) мен Солтүстік Қазақстан облыстарында (83,5%) көрініс тапқан. Оны бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның мәліметінше, жалпы қалалық жерде сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша Жамбыл облысы артта қалып отыр. Ондағы көрсеткіш – 91%.

Премьер-министрдің айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін халық таза ауызсумен түгел қамтылуы тиіс. Ал жыл соңына дейін халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткішін ауылдарда 94,7%-ға, қалаларда 98,5%-ға жеткізу қажет.

Министрлік дегерінше, халықтың көші-қонына байланысты 50 ауылдық елді мекенде су құбыры желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізу керек.

Мәселен, Алматы облысының Кеңдала ауылында халық пайдаланып жүрген су құбыры желісі 1969 жылы салынған әрі бүгінгі таңда ауыл халқын ауызсумен толықтай қамтамасыз ету үшін реконструкцияны қажет етеді, – дейді Өскенбаев.

Айта кетерлігі, соңғы бес жылда ондағы халық саны 5,8 мыңнан 9,5 мың адамға дейін артқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама