×

Елімізде Нигерия, Бразилия азаматтары заңсыз жұмыс істеп келген

Бір аптада алыс елдердің 50 және көршілес елдердің 165 азаматы жазаға тартылды

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2023 | 16:28
фото: 63ch.ru

Қазақстанда заңсыз жүрген Нигерия мен Бразилия азаматтары ұсталды. Полицейлер оларды қаладағы хостелдерден тапты.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Нигерияның 12 азаматы елімізде заңсыз жұмыс істеген. Жалпы, бір аптада басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жазаға тартылып отыр.

Шет елдің 104 азаматы құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-таратуға орналастырылды. Тағы 22 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды. Сонымен қатар 54 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Бразилияның 2 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан фирмалардың бірінің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама