Halyq Uni логотип
×

Жалған диплом алмақ болған Семей тұрғыны 600 мың теңгесінен айрылып қалған

«Диплом әперушінің» өзі еш жерде жұмыс істемейді

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2023 | 15:30
Жалған диплом алмақ болған Семей тұрғыны 600 мың теңгесінен айрылып қалған
фото: ашық дереккөз

Жалған диплом жасатпақ болған Семей тұрғыны 600 мың теңгесінен айырылып қалды.

19 шілдеде Семей қаласы полиция басқармасының «102» жедел арнасына 43 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Айтуынша, ол алаяққа алданып қалған.

Биыл қаңтар айының соңында бейтаныс адам алаяқтық жолмен жәбірленушінің 600 мың теңгесін иемденіп кеткен. Күдікті оған диплом алып беремін деп уәде берген, - дейді полиция өкілдері.

Диплом ала алмайтынына көзі жеткен 43 жастағы жәбірленуші полицияға шағымданып, тәртіп сақшылары 55 жастағы күдіктіні анықтаған. Тексере келе «диплом әперушінің» еш жерде жұмыс істемейтіні белгілі болған.

Күдікті ақшаны алғанын мойындады. Оны жеке басының қажетіне жұмсаған. Қазір ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама