Алматыда 5 адамды атып өлтірген Дужновтың үйін полицейлер қоршауға алды
Мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарласамын, - деді оның әйелі
Бұған дейін БАҚ-та сот орындаушыларының 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың әйелі Анаида Демирчянның үйін босатып жатқаны хабарланған болатын. Қазір үй қоршауға алынған. Полиция оның маңайына ешкімді жолатпайды.
Қалалық ПД баспасөз қызметі «102» пультіне жеке сот орындаушысынан Ақбұлақ шағын ауданында Сыздықов көшесіндегі үйлердің бірін босату рәсімі кезінде атыс қаруы табылғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады. Қазір оқиға орнында Алатау аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетсек, биыл маусымның аяғында Анаида Демирчян жеке сот орындаушысын үйіне кіргізбей қойған болатын. Ол келгендерді өзін және үйін өртеп жіберемін деп қорқытқан. Алайда бүгін құзырлы орган өкілдері әйелді, оның қарт анасы мен қызын үйден күштеп шығарып жатыр.
Мен үйден шығарылатыным туралы кеше ғана білдім. Бізге 13 қыркүйекке дейін тұруға рұқсат берілген. Сол күнге дейін үйге қатысты заңды құқығымды қорғап, күрескім келді. Бұл – менің жалғыз үйім, барар жерім жоқ. Отбасыммен қайда барамын? Мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарласамын, - деп қасарысып отыр Анаида Демирчян.