Республика бойынша барлығы 848 лагерь тексерілетін болады
Бас прокуратура лагерьлердің жұмысын жіті тексеріп жатыр. Бұл салада бірқатар бұзушылықтардың барын бала құқығы жөніндегі уәкіл де айтып отыр. Көбі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейді екен. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.
Прокурорлар балалардың тұрмыс жағдайын, санитарлық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, азық-түлік пен көмек жағдайын тексеріп жатыр. Сондай-ақ 2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу заңнамасын сақтау мәселелерін пысықтауда. Республика бойынша барлығы 848 лагерь тексерілетін болады», - деді аға прокуроры Медет Қафизов.
Ал бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, қазір елде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтін лагерьлер жетерлік. Кейбірінің тиісті құжаттары жоқ, бар болса да тазалыққа қатысты мәселе көп.
Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жауапты ведомстволарға балалар мекемелерін жөндеу үшін тексеріс жүргізуді тапсырған болатын.