Жергілікті азаматтар Польшаның фанаттарымен жаға ұстасқан
Кеше Шымкентте Конференция лигасының екінші іріктеу турнирінде «Ордабасы» мен Польшаның «Легия» клубтарының жанкүйерлері арасында қақтығыс болды. Оның видесы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Видеода жанкүйерлердің бір-біріне қол ала жүгіргенін көруге болады. Бейнежазбада ақ жейде киген поляк фанаттарының жергілікті жанкүйердің бірінің басынан ұрғаны, оған Шымкенттің тұрғынының жауап бергені түсірілген.