×

Павлодар облысында алаяқтық туралы ескерту азық-түлікке жапсырыла бастады

Ол пісірілген өнімдер мен жұмыртқа қораптары сияқты маңызды азық-түлік қаптамасында болады

 Еркеғали Болатұлы 26.07.2023 | 11:27
фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысының полицейлері алаяқтықпен күресудің жаңа әдісіне көшті. Олар ескертулерді азық-түлік өнімдерінің сыртына жаза бастаған.

Pavlodarnews-тің хабарлауынша, өңірдің Жетекші ауылында полицейлер алаяқтар мен олардың жұмыс схемасы туралы айтудың жаңа, креативті әдісін ойлап тапты. Енді мұндай пайдалы ақпарат азық-түлік қаптамасында тұрады.

Облыстық полиция департаменті бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кеткенін айтты. Полицейлер қалалық кәсіпкерлік бөлімімен, Жетекші ауылы әкімдігімен және жергілікті тауар өндірушілермен келіскен.

Ескертулер пісірілген өнімдер мен жұмыртқа қораптары сияқты маңызды азық-түлік қаптамасында пайда болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама