×

Астанада жүргізушінің көзінше оталып тұрған көлік ұрланған (ВИДЕО)

Машинасын ұрлатып алған адам күдіктінің соңынан қуып, жете алмаған

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2023 | 13:29
Фото: polisia.kz

Астанада жүргізушінің көзінше оталып тұрған көлікті ұрлаған күдікті ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, ұрлыққа күдікті адам Бабатайұлы көшесіндегі техникалық қызмет көрсету бекетінің ауласында BMW автокөлігін ұрлап кеткен. Ұрлықтың өзі қас-қағым сәтте көлік иесінің көзінше болған. Ол көлігінің соңынан қуып, ұрыны өз бетінше ұстауға тырысқанымен онысынан ештеңе шықпаған. Содан кейін полицияға хабарласқан.

Полицияның хабарлауынша, күдікті ұрланған көлікпен бірнеше көшемен жүріп, Кенжин көшесі мен Тілендиев даңғылының қиылысында қалдырып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 27 жастағы азаматты ұстады. Қазңр сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама