Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысы ұсталған жоқ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және Telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысына қатысты жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімеді.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және Telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат таратылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Олар ұсталған жоқ, – делінген хабарламада.
Қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпараттар Антикордың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.