Halyq Uni логотип
×

Қостанайда банк менеджері алаяқты әшкереледі

Зейнеткер 1,5 млн теңгені санап беретін болған

 Дастан Жұмабекұлы 24.07.2023 | 14:51
Қостанайда банк менеджері алаяқты әшкереледі
Фото: Halyq Uni

Қостанайда банк менеджері алаяқты әшкерелеп, үлкен қылмыстың алдын алды. Ол зейнеткер әйелге алаяқтарға алданып қалмауына көмектесті.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, зейнеткер өз атына үлкен көлемде несие беруді сұрап, банк бөлімшесіне барған. Банк менеджері қарыз сомасын есептеп, банктің 1,5 млн теңге көлемінде несиені мақұлдағанын хабарлаған. Сол кезде зейнеткер әйел телефонмен белгісіз адамдарға банктің қанша соманы бергенін айтқан. Осыны зейнеткердің жанында отырған банк менеджері естіп, одан не себепті несие алып жатқанын сұраған кезде қарт кісі жауап беруден бас тартқан. Содан кейін банк қызметкері бұл туралы қауіпсіздік қызметі мен полицияға хабарлаған.

Тексеріс кезінде зейнеткер ақшаны алаяқтарға жіберейін деп жатқан екен. Олар әйелге Ресейде тұратын қызының ауруханада ауыр жағдайда екенін айтқан. Содан зейнеткер ақшаны алаяқтарға сеніп, беретін болып, олармен кездесуге барған. Сол жерде полиция қызметкерлері 20 жастағы жалдамалы алаяқты ұстаған.

Полицияның хабарлауынша, жас жігіт Telegram арқылы жұмыс іздеген. Оған жалақысы күніне 50-ден 100 мың теңге болатын осындай «оңай» табыс түрін ұсынған алаяқтар байланысқа шыққан.

Мұндай жағдайда бірінші кезекте ақша іздеу керек болды. Мен тіпті, қызыма қоңырау шалуды ойламадым. Өйткені мен қоңыраудан қатты сескеніп кеттім. Бірақ полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алаяқтардың арбауына түспедім. Сол үшін маған көмектескендердің барлығына ризамын, – деді зейнеткер.

Қостанай облысының полиция департаменті кезекті рет азаматтарға сақ болуды ескертеді. Алаяқтар жаңа схемаларды ойластырып жатқанын айту керек. Олар ескі «телефон» әдістерін де қолданып жатыр. Полиция азаматтардан мұқият болуды, алаяқтардың қулықтарына түспеуді сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама