Halyq Uni логотип
×

Бала өлімі: Картинг алаңының директоры күдікті деп танылды

Қайғылы оқиға салдарынан 10 жастағы бала мерт болған еді

 Халық үні 03.05.2022 | 15:00
Бала өлімі: Картинг алаңының директоры күдікті деп танылды
фото: ашық дереккөзден

Алматыда 10 жастағы бала картинг тебем деп қаза болды. Оқиға Іле ауданындағы картодромда болған.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, картинг тізгіндеген баланы артынан келе жатқан адам қаққан. Ол соның инерциясымен пластмасс қоршауды бұзып өтіп, жол бойында тұрған ГАЗ-53 көлігіне соғылған.

Полиция осы іс бойынша қылмыстық кодекстің 306-бабы «абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс материалдары бойынша 41 жастағы картинг орталығының директоры күдікті деп танылды, – дейді департамент.

Қазір полиция мерт болған баланың картингін соққан адамды іздеп жатыр. Картинг орталығының басшылығы ешқандай түсініктеме берген жоқ. Олар жұмысын уақытша тоқтатты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама