×

Жетісу облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 22.07.2023 | 17:36
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға Үшарал – Достық автожолының 55 шақырымында болған. Онда Kia Soul мен Toyota Camry соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, 46 жастағы әйел Kia көлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан оқиға орнында Toyota-да болған 3 жолаушысы көз жұмды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, екі көліктің де жүргізушілері мен үш жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама