Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

 Динара Амантай 22.07.2023 | 18:02
Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті
Фото: Halyq Uni

Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 шілдеде сағат 18.52-де Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне медицина қызметкерлерінен «ЖБМЖ, МШ, төменгі жақтың сынуы, төменгі еріннің жаралары» диагнозымен соқтығысу салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған баланың ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары орталық базар аумағында 5 жасар баланы көлікпен қағып кеткенін анықтады.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат Солтүстік Қазақстан облысының 49 жастағы тумасы болып шықты. Тексеру барысында Toyota Avensis жүргізушісі базар аумағынан шығып бара жатып, баланың жолға қалай жүгіріп шыққанын көрмегені және соққының салдарынан оны артқа қарай лақтырып жібергені анықталды. Ата-аналар баланың алдында жүріп бара жатқан, – делінген хабарламада.

Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабы («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама